Сағынтаев Маминнен Көк-Жайлау жерлерін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтаруды сұрады

Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев премьер-министр Асқар Маминнен Көк-Жайлау жерлерін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтаруды сұрады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Экологтармен жиі кездесемін. Көк Жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-Министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым», - деп жазған Сағынтаев сәрсенбі күні Twitter парақшасында.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Көк-Жайлауда тұрғызылған қосалқы станцияға демонтаж жасалатынын айтқан еді.
Еске салсақ, 2019 жылдың 29 қазанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк-Жайлау» тау-шаңғы курортының құрылысына тыйым салған болатын.

adimage