Сағынтаев қоластындағылар тарапынан жемқорлық болған жағдайда қызметінен кетеді

Күні: 18:33, 29-11-2019.

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоластындағылар тарапынан жемқорлық болған жағдайда қызметінен кетеді.
«(ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» – ҚазТАГ) Заң бар, оның нормаларын орындау керек. Сондықтан егер менің қоластымдағылардың қайсыбірі жауапқа тартылып, сот оның кінәсін дәлелдесе және үкімін шығарса, мен отставкаға кетуім керек», - деді Сағынтаев жұма күні ОКҚ баспасөз мәслихатында тиісті сұраққа берген жауабында.
Бұл ретте ол заңның келесі нормасына сәйкес отставканы қабылдау немесе қабылдамауға президент құқылы екені айтылғанын айта кетті.
Еске салсақ, 28 қарашада ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған еді. Соған сәйкес қоластындағы қызметкері жемқорлық қылмысы бойынша сотталған жағдайда бірінші басшы отставкаға кетуі керек.


Жаңалықтармен бөлісу: