Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Садыр Жапаров ресми түрде Қырғызстан президенті лауазымына кірісті, деп хабарлады 24KG.
«Қырғыз ұлттық филармониясында жаңадан тағайныдалған президент Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі өтіп жатыр. ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова Садыр Жапаровтың мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында жеңіске жеткені туралы қаулыны оқыды. Жаңадан сайланған президент қырғыз халқына ант берді. Ол мемлекет басшысы ретінде құдай алдында да, халқы алдында да әділ басқаруға, адам құқықтарын қорғайтынын және Конституция нормаларын сақтайтынын атап өтті. Орталық сайлау комитетінің басшысы Садыр Жапаровқа президент куәлігі мен штандарт табыстады. Залда Қырғыз Республикасының Мемлекеттік гимні ойнады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 4 қазанда Қырғызстанда парламет сайлауы өтті, бірақ оны көбі әділ өткен жоқ деп есептейді. Елде жаппай тәртіпсіздік орын алып, нәтижесінде елде билік ауысты – сайлауға дейін мемлекет басшысы болып келген Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткен. Қырғызстан президентінің МА қызметін премьер-министр Садыр Жапаров атқарды, ол тәртіпсіздіктерге дейін 11 жыл бас бостандығынан айырылған болатын, сол бойынша жазасын өтеп жатқан. Елде Жогорку Кенешке қайта сайлау болады деп күтілуде, ал 10 қаңтарда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтті.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34