Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ-Алена Субботина. Салафит әдебиетін Өскемен қаласының тұрғыны таратқан, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
"9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған діни әдебиеттің таралу фактісін анықтады. Құқықбұзушылыққа облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны қатысты, оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында 17 кітап пен деструктивті діни бағыттағы 8 диск – Салафия тәркіленді", - делінген полиция хабарламасында.
Тәркіленген заттар ШҚО дін істері басқармасына дінтану сараптамасын жүргізуге жіберілді. 12 мамырда Өскемен қаласының әкімшілік соты ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігі (әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, зорлық-зомбылық қатыгездікке табынуды қоздыруға бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын өнімді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, ҚР аумағында тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Құқық бұзушы 100 АЕК (Т3 063 000) көлемінде айыппұл төледі.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Қытайға келді28 Наурыз 2024, 09:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі28 Наурыз 2024, 09:03
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34