Астана. 8 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 2020 жылы шағын және орта бизнес субъектілерін корпоративті табыс салығынан және табыс салығынан босату Нұр-Сұлтан бюджетін Т40-50 млрд азайтады, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«2020 жылы шағын және орта бизнес субъектілерін корпоративті табыс салығынан және табыс салығынан босату Нұр-Сұлтан бюджетін Т40-50 млрд азайтады. Бұл күтілген жағдай, десек те қала халқын бизнеске тарту үшін қажет қадам», - деді Тоқаев сейсенбі күні елорданы ары қарай дамыту мәселелері жөніндегі жиында.
Ол шенеуніктерге бұл жерде ешқандай трагедия жоғын айтып, одан да соны ұйымдастырыңыздар деді.
«Сіздер жоспарланып отырған шығын орнын толтыру үшін қажет Т330 млрд, табасыздар. Біз қосымша көздер туралы 15 қазандағы экономика жөніндегі жиында тағы ақылдасамыз . (…) Қайта біз халықты бизнеспен айналысуға ынталандырамыз. Үйде отырып бизнес ашудан бастап алқаптағы бизнеске дейін. Ынталандырмайынша біз тар қапастан шыға алмаймыз», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Бизнес тақырыбын жалғастырған ол АЭА инфрақұрылымының құрылысына да тоқталды.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26