Салықтық жеңілдіктерді Т200 млрд-ға қысқарту болжануда – ұлттық экономика министрлігі
Астана. 16 қазан. ҚазТАГ - Нұргүл Жігер. «Салық салу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданған жағдайда салықтық жеңілдіктерді қысқарту Т200 млрд-ға бағалануда, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсаинов.
«Салық жеңілдіктеріне жүргізілген ревизия, парламентке енгізілген салық салу мәселелері жөніндегі түзетулер нәтижесінде 200 млрд-тан астам теңгеге жеңілдіктерді алып тастау болжануда», - деді М.Құсаинов бейсенбіде ҚР парламенті сенатының салық салу мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел отырысында.
Ол келесі жеңілдіктер алынып тасталуы мүмкін екенін айтты: «ауыл шаруашылығын өндірушілер үшін арнайы салық режимі аясында жер салығын 70% қысқарту; стратегиялық инвестициялық жобалар үшін мүлік және жер салығынан босату; девиденттерге салық салу бойынша жеңілдіктер; нақты аяқталу мерзімі көрсетілген уақытша жеңілдіктер».