«Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Күні: 18:28, 24-12-2018.

Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ –  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жалғыз акционері директорлар кеңесінің құрамын өзерту туралы шешім қабылдады, делінген дүйсенбіде Қазақстан қор биржасы сайтында (KASE) жарияланған хабарда.
Сонымен, қабылданған шешімге сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі Ерұлан Жамаубаев кірген.
Директорлар кеңесінің құрамынан Қазақстан Республикасы президентінің экс-көмекшісі Тимур Жақсылықов пен Астана қаласының қазіргі әкімі Бақыт Сұлтанов шығарылған.
«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Бақытжан Сағынтаев, Тимур Сүлейменов, Ахметжан Есімов, Ричард Эванс, Альпер Акдениз, Вильгельм Бендер кірді.
 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жалғыз акционері «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемесі болып табылады.


Жаңалықтармен бөлісу: