Самал Еслямова үздік актриса ретінде азиялық «Оскар» сыйлығын алды

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Актриса Самал Еслямова «Айка картинасындағы рөлі үшін Азия киноакадмиясының нұсқасы бойынша жылдың үздік актрисасы атанды, деп хабарлады Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Достар, жаңа ғана режиссер Сергей Дворцевойдан жақсы хабар алдым! Самал Еслямова Гонконгте Сергей Владимировичтің «Айка» картинасындағы рөлі үшін «Азияның үздік актрисасы» ретінде Азия киноакадемиясының /Asian Film Awards Academy жүлдесін алды», - деп жазды Мұхамедиұлы өзінің Facebook парақшасында
Ол атап өткендей, Asian Film Awards Academy жүлдесін азиялық «Оскар» деп атайды.
«Азия киноакадемиясының жүлдегерлерін 11 қаңтарда анықтады. Міне енді –жеңіс! Бұл үлкен жетістік және нәтиже! Шығармашыық командаға жүрекжарды құттықтауымды жолдаймын! Өте қуаныштымын», - деп жазған министр.

adimage