Самара-Шымкент тас жолындағы күртік қардан 30-дан астам адам жылыну пункттеріне жеткізілді

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолындағы күртік қардан 30-дан астам адам жылыну пункттеріне жеткізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жылыну пункттеніе 31 адам жеткізілді, күртік қардан 50 машина шығарылды. Қазіргі таңда әлі де 50 көлік қарға ьатып қалған. 100-ге жуық көлік өз беттерімен шыққан», - деп хабарлады дүйсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Бұған дейін хабарланғандай, «3 қарашада Қызылорда және Ақтөбе облыстарында «Самара - Шымкент» республикалық маңызы бар жолының учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін жабылған», - деді дүйсенбі күні ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Кешірек хабарлағандай, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында – Самара-Шымкент тас жолының 1153 – 1240 шақырым аралығын қар басып қалуынан шамамен 200-дей көлік тұрып қалған. Оқиға орнында көліктерді қардан шығару және адамдарды жақын маңдағы елдімекендерге апару үшін ЖАО, ТЖД, ЖПҚ өкілдерінен, «Қазақавтожол» ЖШС басшылығынан құрылған жедел топ жұмыс жасауда. Эвапункттер жақын маңдағы елдімекендерде ұйымдастырылып, ашылған. Сонымен қатар жолдарды қардан аршу жұмыстары да жүргізілуде. Ақтөбе облысы ТЖД-де жедел штаб құрылып, 8 (7132) 24-75-29 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс жасап тұр.

adimage