Самара-Шымкент тас жолында жолаушылар автобусында Тәжікстан азаматы жан тапсырды

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында жолаушылар автобусында Тәжікстан азаматы жан тапсырды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Тәжікстан азаматы жолаушылар автобусында жан тапсырды. Алдын-ала ақпар бойынша 1956 жылғы ер адамның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Оны зорлықпен өлтірудің сыртқы белгілері жоқ. Ол Тюменьнен (Ресей) Ходжанға (Тәжікстан) жұмыстан қайтып келе жатқан. Оның қаза табуының нақты себебі анықталуда. Қайғылы жағдай Самара-Шымкент тас жолының 965 шақырымында Ақтөбе облысында Қарабұтақ ауылы маңында болған. Кеше ауа райының күрт нашарлап кетуі, қалың қардың жаууы және көру мүмкіншілігінің болмауынан Самара-Шымкент тас жолының 964-1240 шақырым учаскесінде жол қозғалысы шектелді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен қатар, «Қазақавтожол» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының күшімен жолдар қардан тазартылып, көктайғақ қаупі жойылған.
«15 бірлік қар тазартататын техника жұмылдырылды. Жағдай көліктердің қысқа толығымен дайын болмауынан да қиындап кетті. Жол қозғалысының қатысушылары «Қазақавтожол» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының Қалыбай ауылындағы жылыну пунктіне жеткізілді. Қазіргі таңда қозғалыс ашық», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 4 қарашада Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында – Самара-Шымкент тас жолының 1153 – 1240 шақырым аралығын қар басып қалуынан шамамен 200-дей көлік тұрып қалған. Оқиға орнында көліктерді қардан шығару және адамдарды жақын маңдағы елдімекендерге апару үшін ЖАО, ТЖД, ЖПҚ өкілдерінен, «Қазақавтожол» ЖШС басшылығынан құрылған жедел топ жұмыс жасаған. Эвапункттер жақын маңдағы елдімекендерде ұйымдастырылып, ашылған, оларға 31 адам жеткізілген. Сонымен қатар жолдарды қардан аршу жұмыстары да жүргізілген.

adimage