Самат Әбіштің елден кетіп қалады деуге негіз жоқ- бас прокуратура

    Астана.30 қараша.ҚазТАГ- Алена Субботина. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ, деп хабарлады бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.
   “Аталған қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы өзгертілген жоқ. Оны өзгертуге негіз жоқ. Оның ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде. Істі Бас прокуратураның арнайы прокурорлары тергеп жатыр",- деді Өмірәлиев бейсенбі күні.
   Еске салсақ, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің үстінен "Қаңтар оқиғасы" кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын.

adimage