Алматы. 26 желтоқсан. ҚазТАГ - Санкт-Петербордағы әлем чемпионатына Қазақстаннан алты шахматшы қатысады, деп хабарлады «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ баспасөз қызметінен.
«Санкт-Петербургте бүгін рапид пен блицтен әлем чемпионаты басталды. (…) Қазақстаннан жарысқа еліміздің үздік алты шахматшысы қатысып жатыр. Нева қаласында еліміздің намысын ерлер арасында Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалеев, Рустам Хуснутдинов қорғайды. Ал Динара Сәдуаүасова, Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева әйелдер арасында бақтарын сынайды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ, хабарланғандай, жарысқа Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Левон Аронян мен Сергей Карякин де қатысады.
«Бұған дейін біз Карлсенмен турнирлерде кездесіп жүрміз. Бүгінгі таңда ол мүлде қате жібермейтін мықты шахматшылардың бірі болып табылады. Алайда кез келген қарсыласты жеңуге болады, және біз өз нәтижемізді көрсетуге дайынбыз», - деді халықаралық гроссмейстер Ринат Жұмабаев.
Хабарда атап өтілгендей, біздің шахматшылар үшін келесі спортшылар мықты қарсылас болып табылады: ресейліктер Александра Костенюк пен Катерина Ланго, Украинадан келген апалы-сіңлілі Музычуктар, әлем чемпионатының жеңімпазы қытайлық Цзюй Вэньцзюнь.
Рапид пен блицтен әлем чемпионатына әлемнің 37 елінен 300-ден астам шахматшы қатысып жатыр. Спортшылар жалпы қоры $2 млн. болатын сыйлық үшін бақ сынасады.
Санкт-Петербордағы әлем чемпионатына Қазақстаннан алты шахматшы қатысады
