Санкт-Петерборда журналистер Ресей, ТМД елдері мен ЕО елдеріндегі БАҚ беттеріндегі ұлттық сәйкестілік мәселесін талқылауда

Күні: 18:18, 18-11-2014.

Санкт-Петербор. 18 қараша. ҚазТАГ – Юлия Шибанова. Санкт-Петербор Эрмитажында сейсенбі күні ашылған «Мәдениеттер диалогы» атты IX медиафорумда әр түрлі мәдениет пен конфессиядан келген журналистер Ресей, ТМД елдері мен Еуроодақ елдеріндегі БАҚ беттеріндегі мультикультурализм және ұлттық сәйкестілік мәселесін талқылауда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Медиафорумның ашылуына арналған өзінің құттықтау сөзінде Санкт-Петербор губернаторы Георгий Полтавченко қонақтарға «жемісті сұхбаттасу, тамаша жаңа идеялар мен жеңістер тіледі».
«Мәдениеттер диалогының» өтетін орын ретінде әлемнің аса ірі мұражайларының бірі, биыл өзінің 250 жылдығын атап өткелі отырған мемлекеттік Эритаж таңдалғаны сиволдық мәнге ие. Бұл қазына қорында әлем халықтарының ерекше өнер туындылары жиналған, сондықтан мәдениет аралық диалог пен ортақ рухани құндылықтарды сақтау қажеттігі туралы ашық та, адал әңгіме Эрмитаж залдарында өтуі ерекше мәнге ие», - делінген құжатта.
«Татукөршілік, толеранттылық дәстүрді, саяси әдептілікті сақтау көбінде, журналистік қауым қаншалықты күшті ұйымдасқанына, қазіргі заманғы жастар белсенді мемлекеттік позицияны таныта алатындығына, буындар арасындағы байланыстың қаншалықты мығым екендігіне байланысты болады», - деп атап көрсетті рсейлік мәдени астана басшысы.
«Мәдениеттер диалогы» Еуропа мен Азия арасындағы журналистердің арасында пікір алмасу алаңы болып табылады. Медиафорумның ерекше атмосферасы халықаралық журналистік қауымдастықтың өзекті тақырыптарды ашық және сенімді түрде талқылауына септігін тигізеді.
Форум жұмысына 31 елден 300 журналист қатысуда. Форум аясында практикалық конференция, «Петербордағы бір күн», «Менің Эрмитажым» тақырыбындағы шығармашылық шеберханалар; «Эрмитаж қазір және осында» акциясы, медиафорумға қатысушылардың кәсіби сельфтері болады.  
Одан басқа, форум аясында бірлесукен трансшекаралық медиажобаларды таныстыру өтеді, сондай-ақ сурет көрмесі мен «Мен осылай өмір сүремін» атты ортақ тақырыппен біріккен  деректі фильмдерді көрсету болады, онда форумға қатысушылар адамдардың мәдени ерекшеліктері мен күнделікті тіршілігіне, тарихына арналған шығармашылық жұмыстарын ұсына алады.  
Жас журналистер қазіргі заманғы медиялық кеңістіктегі жаңа технологиялардың дамуына байланысты мәселелерді талқылайды.
20 қарашада, форумның ақырғы күні, форумға қатысушыларға мемлекеттік Эрмитаж залдарында, көрмелерінде түсіруге, сондай-ақ Санкт-Петербор туралы репортаж жасау мүмкіндігі туындайды.
«Мәдениеттер диалогына» қатысушылар журналистканың танымал майталмандарының шығармашылық шеберханаларына бара алады.


Жаңалықтармен бөлісу: