Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Астана. 20 тамыз. ҚазТАГ- Бердібек Сапарбаев ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың орнына тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.
Сонымен қатар, Әбдіқалықова қызметінен босатылды.
«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 2019 жылдың ақпанында Бердібек Сапарбаев ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып, ал Гүлшара Әбдіқалықова ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

adimage