Сапиев ТМД елдері өкілдерінің Спорт және дене шынықтыру кеңесінің төрағасы болып сайланды

Күні: 13:53, 06-06-2019.

Алматы. 6 маусым. ҚазТАГ - Серік Сапиев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері өкілдерінің Спорт және дене шынықтыру кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт комитетінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 5-6 маусымда Щучинск қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер Дене шынықтыру және спорт саласындағы келісім қатысушыларының Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің отырысы өтті (…) Кеңестің барлық мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Серік Сәпиев 2019-2020 жылдар бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері өкілдерінің Спорт және дене шынықтыру кеңесінің төрағасы болып сайланды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ТМД елдерінің дене шынықтыру және спорт саласындағы өкілетті орган басшылары отырыс барысында өз елдерінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
«Кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде аталмыш салада жүзеге асырылатын мемлекеттік саясат мәселелері, еліміздің спорт саласына цифрлық технологияларды енгізу мен 2021-2030 жылдарға арналған ТМД қатысушыларының Спорт және дене шынықтыру саласындағы стратегия жобасы талқыланды. Кездесу соңында ТМД қатысушы мемлекеттерінің спорт және дене шынықтыру бойынша қабылданған шешімдерінің хаттамасына қол қойылды», - делінген хабарда.
Еске салсақ, Серік Сапиев 2019 жылдың қаңтарында ҚР МСМ дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді. Оған дейін ол мәжіліс депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан еді. Сапиев 2017 жылдың 28 ақпанында мәжіліс депутаты болған еді.
Дене шынықтыру және спорт кеңесі ТМД елдерінде жыл сайын өтеді. Былтыр аталмыш шара Арменияда өтті, келесі жылы Татарстан астанасы Бірінші ТМД ойындары аясында өтеді деп жоспарлануда.


Жаңалықтармен бөлісу: