Сарандағы күн электр станциясы осы жылдың соңына қарай қосылуы мүмкін

Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ - Жыл соңында Қарағанды облысының Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы іске қосылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда компания бес бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
«Бірінші нысан – күн паркінің құырылысы, екінші нысан – 100-30-30 қосалқы станциясының құрылысы. Нәтижесінде олар қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясына біріктіріледі. Бұған қоса тағы үш жоба бар. Ол «Қарағанды Жарық» ЖШС жүргізетін 110 КВт электр желілерін қалыпқа келтіру, ВЭЛ-35 жоғары вольттық желі мен Ару-110 желісін қалыпқа келтіру. Бұл жобалар бізге станция желіге қосылып, электр қуатын шығаруға, оны ұлттық электр желілеріне тарату үшін қажет», - деп келтіреді «SESSaran» ЖШС бас директоры Евгений Гребенниковтің сөзін.
Оның айтуынша инвестициялардың жалпы сомасы 988 млн теңгені құрады.
«Қазір бағаналық алқаптарды қағу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, оның 60%-ы орындалды. Металл құрылыстарын жинау жүргізілуде, алдағы күндері біз күн панельдерін орнатуды толлықтай бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. (...) Қосымша станцияда біз аптаның соңына қарай күш беретін трансформатордың жеткізілуін күтіп отырмыз, ол біздің станцияның жүрегі болып табылады. Жұмыстар мерзімге сай жүріп жатыр. Біз барлық жоспарларды орындауға тырысып жатырмыз және жыл соңына дейін станция іске қосылуы үшін бар күшімізді салудамыз», - деді Е. Гребенников.
Ол сондай-ақ, күн паркінің аумағы 20 инвекторлық қосымша станцияларды орнатуды қарастыратынын, ол станциялар электр қуатын тұрақты тоқтан ауыспалыға айналдыратынынан да хабардар етті.
Бас инвестор «Solamet/GoldbekSolar» бас директоры Йоахим Голдбек  осы сәтке дейін инвестицияланған барлық қаражат – өзінің жекеменшік қаржысы екенін айтты.
«Біз бұл алаңды қазақстандық климаттық жағдай күн электр станциясы үшін барынша тиімді болады деп есептегіндіктен таңдадық.  (…)Осы сәтке дейін инвестицияланған барлық қаражат – менің жекеменшік қаржым», - деп атап өтті Йоахим Голдбек
Йоахим Голдбектің сөзіне сүйенсек, барлық электр қуаты «SES Saran» ЖШС және «KEGOC» компаниясының есеп-қаржы орталығы арасында жасалған келісімшартқа сай тұрақты бағамен сатылатын болады. Мұндай станция 30 жылдан астам уақыт қызмет етеді, ал электр қуатының құны бір деңгейде қалады.
Естеріңізге сала кетейік, Сарандағы қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясының құрылысы 2017-ші жылдың 7-ші маусымында басталған болатын. Кәсіпорын осы секілді станциялар арасында Орталық Азия бойынша ең ірі болмақ. Ол 160 гектар аумақты алады, онда 370 мыңнан астам фотоволтаикалық панельдер орнатылады, олар күн энергиясын электр қуатына айналдырып отырады.
Жоба Еуропалық Одақтың өкілдері Яна Зонненшайнның (Чехия), Арнольд Беренстің (Германия) және Душан Подгорски (Словакия) бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Базалық серіктестер «Шнайдер Электрик» және «Грасс Инжиниринг» (Германия) компаниялары болып табылады. Жобаның құны 139,5 миллион евроны құрайды, бір жылдық жобалық қуаттылығы - 145 млн. кВт/с, 4,9 млрд. теңге.


adimage