Сарапшы Қазақстандағы кез келген дәрігер Эбола безгегін анықтай алуға қабілетті екеніне сенімді

Күні: 13:29, 06-11-2014.

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының (СЭСжМҒПО) сарапшысы Әлім Айқымбаев Қазақстандағы кез келген дәрігер Эбола безгегін анықтай алуға қабілетті екеніне сенімді.
«Медициналық кадрларды даярлау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде, көп мекемелер мемтапсырыс бойынша біліктілікті арттыру жұмысын жүргізіп жатыр. Дәрігер өзінің жалақысы тәуелді болатын санатқа (арттыру немесе қолда барын растау) тапсыру үшін, біліктілікті арттыру курстарынан өтуі тиіс. Бекітілген бағдарлама дәрігердің аталған (Эбола безгегінің вирус – ҚазТАГ) инфекциясы бойынша дайын болуы керек барлық мәселелерді қарастырады. Аурудың клиникасын білуі үшін медициналық жұмысшылардың әзірлігін шыңдаймыз», - деді Ә. Айқымбаев ҚазТАГ агенттігіне.
Сонымен қатар ол вирустың таралуына жол бермеу үшін Африка елдерінде шетелге шығушыларды обсервациялық бақылаудан өткізу қажет болғанын атап өтті.
«Біздің үнемі қолданып келген өте маңызды шарамыз ол – обсервация – бақылау. Карантинді жұқпалар кезінде әрқашан жасалады. Эбола эпидемиясы басталған кезде Батыс Африка елдерінде обсервация жасау қажет еді. Басқа елге ұшпас бұрын ауру ошағындағы адам үш апталық бақылаудан өтуі тиіс еді, онда оның денсаулық жағдайы сол өңірдің басқа тұрғындарымен байланыссыз тәртіпте қаралады», - деп атап көрсетті Ә. Айқымбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: