Алматы. 5 тамыз. ҚазТАГ – Сауд Арабиясы Азия сатып алушылары үшін мұнайдың қыркүйектегі бағасын арзандатты, ал Еуропа мен Жерорта теңізі өңіріндегі сатып алушылар үшін қымбаттатты, деп хабарлады Bloomberg.
«Әлемдегі мүнайдың ірі экспорттаушысы Сауд Арабиясы Азияға мұнайдың барлық түрінің қыркүйектегі сатылым бағасын арзандатты, ал солтүстік-батыс Еуропа мен Жерорта теңізі өңірінің сатып алушылары үшін көтерді», - делінген хабарда.
Бұл ретте түсіндірілгендей, Saudi Aramco мемлекеттік компаниясы Азия сатып алушылары үшін Arab Light маркалы мұнай бағасын 75 центке түсіріп, баррелінің бағасын $1,7 дейін жеткізді. Aramco –ның ірі өңірлік нарығы Азия үшін басқа сұрыптарының бағасы Super Light маркалы мұнай бағасы $3,05/барр диапазонынан ауыр мұнайдың 65 центіне дейін төмендеді.
Хабарда айтылғандай, Aramco Light сұрыпын $2,85/барр премиясымен қалдырып, Argus Sour Crude индексіне қатысты АҚШ-тағы сатып алушылар үшін барлық сұрыптарының бағасын өзгеріссіз қалдырды. Солтүстік-батыс Еуропаға сатылымға келсек, компания жеңіл мұнай бағасын $2,65 өсірді. Aramco жерорта теңізі сатып алушылары үшін Light сұрыпын $2,7 көтере отырып, мұнайдың барлық сұрыпын қымбаттатты.
«Шілдеде Сауд Арабиясы өзінің ОПЕК+ (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мен ұйымға кірмейтін елдер арасындағы мұнай өндірісінің көлемін қысқарту бойынша келісім – ҚазТАГ) бойынша әріптестерімен бірге тағы тоғыз айға мұнай өндірісін шектеуге келісті. Осыған қарамастан корольдік Қытайға бұрын-соңды болмаған көлемде мұнай экспорттады, себебі нарығы ішкі жеткізулерге толық АҚШ-қа сатылымның төмендеуінің арқасында Азияға тасымалдау көлемі артты», - делінген жарияланымда.
Сауд Арабиясы Азия үшін мұнайдың қыркүйектегі бағасын арзандатты, ал Еуропа үшін қымбаттатты
