Астана. 1 қараша. ҚазТАГ – Сауд Арабиясы ислам әлеміндегі біздің маңызды әрі сенімді серіктесіміз, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Сауд Арабиясы – ислам әлеміндегі біздің маңызды әрі сенімді серіктесіміз. Біз екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Сондықтан мен Сауд Арабиясының Королі Салманды және Тақ мұрагерін Қазақстанға шақырдым», - деп келтірген мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесу барысындағы сөздерін Ақорда.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифтің зор үлес қосқанын атап өтті.
Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі кездесуге мүмкіндік алғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылық білдіріп, Қазақстанға Сауд Арабиясының жоғары басшылығының тапсырмасы бойынша келгенін айтты.
Сондай-ақ, хабарланғандай, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда 1,2 мыңнан астам елді-мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан
13 Ақпан 2025, 17:31 -
Астанада 26 бағдаршам объектісін салуға Т2,2 млрд-қа жуық жұмсамақ
13 Ақпан 2025, 17:16 -
Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне барды
13 Ақпан 2025, 16:42