Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ - Сауд Арабиясы коронавирус салдарынан кіші қажылық (Умра) жасағысы келетіндердің кіруіне тыйым салды, деп хабарлады Arab News.
«Сауд Арабиясы коронавирустың таралуының алдын алу үшін Умра жасағысы келетін қажылық жасаушыларға келуге уақытша тыйым салды. Сонымен қатар, Мединедегі Пайғамбардың мешітіне баруға да уақытша тыйым салынды», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, вирустың таралуына үлкен қауіп төніп тұрған елдердің туристік визаларының иелеріне де Сауд Арабиясына кіруге тыйым салынады.
«Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні тағы да коронавирустың расталған жағдайының тіркелмегенін мәлімдеді. Кейін Dubai Airline және Emirates әуежелілері бейсенбіден бастап Сауд Арабиясына Умраға қажылық жасаушыларды немесе туристерді жиырмаға жуық елден тасымалдамайтынын мәлімдеді», - делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 80 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 2774, 19 мыңнан астам адам жазылды.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34