Сауд Арабиясынан 30-дан астам қазақстандық оралды

Астана. 25 наурыз. ҚазТАГ – Сауд Арабиясынан 30-дан астам қазақстандық үйлеріне оралды, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның Әскери-әуе күштері әскери-көлік авиациясының атсалысуымен Қазақстанның 33 азаматы «Джидда - Ақтау» бағыты бойынша аман-есен үйіне оралды. Бұл азаматтар Корольдіктің аумағында болған және Сауд билігі COVID-19 таралуына қарсы шаралар қабылдау аясында шектеу шараларын енгізіп, халықаралық әуе, жер үсті және теңіз қатынастарына толық тыйым салу салдарынан елден шыға алмай қалған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ведомство ақпарынша, қазіргі уақытта Сауд Арабиясының аумағында Қазақстан Республикасының 100-ге жуық азаматы өз еркімен қалды. Олардың көпшілігі келісімшарт бойынша Корольдіктің түрлі қалаларында жұмыс істейді. Оның ішінде туристік визамен келген және Мекке мен Медина қалаларында уақытша жүрген 11 адам бар.

adimage