Сауд Арабиясынан Түркістан облысының тумасы ұсталды

Күні: 17:51, 15-10-2018.

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – Ғаламторда заңсыз уағыз жүргізгені үшін Сауд Арабиясынан Түркістан облысының тумасы ұсталды, деп хабарлады ресми БАҚ.
Заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқаны үшін Сарыағаш қаласының тумасы, салавиттік ағымды ұстанушы  Дильмурат Махаматовты Сауд Арабиясы корольдігінің құқық қорғау органдары  ұстады. Осы елде жүріп ол қазақстандықтар арасында ғаламтор арқылы заңсыз уағызбен айналысқан», - делінген аудандық ішкі саясат бөлімі таратқан хабарда.  
Хабарда нақтыланғандай, Д.Махаматов ғаламторды қолданушылар арасында  «Дильмурат Абу Мухаммад» есімімен таныс болған.  Ол ұлттық,нәсілдік алауыздық тудырғаны үшін айыпталуда.  


Жаңалықтармен бөлісу: