Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ – Сауд Арабиясында йемендік ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан кейін «Шығыс-Батыс» мұнай құбырының жұмысы жанданды, деп хабарлады France Press агенттігінен.
«Сауд Арабиясы Иран қолдайтын йемендік көтерілісшілерге тиесілі ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан кейін басты мұнай құбыры қайта ашылды», - делінген хабарда.
Мемлекеттік мұнай алыбы Saudi Aramco өкілдерінің айтуынша, мұнай құбыры толық көлемде жұмыс жасап жатыр.
Еске салсақ, 14 мамырда Иран қолдайтын йемендік көтерілісші хуситтер жасаған ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан кейін Сауд Арабиясындағы басты мұнай құбырының жабылуына алып келді. Сауд Арабиясы «Шығыс-Батыс» құбырындағы және Қызыл теңіз портына Шығыс провинциясынан күніне 5 млн барр. айдауға қабілетті екі сорғы стансасына шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сауд Арабиясы энергетика министрі Халид аль-Фалих Saudi Aramco жағдайын бағалау үшін құбыр өткізгіш уақытша жабылғанын айтты, бірақ мұнай өндіру және экспорт тоқтаған жоқ. Хуситтердің өкілі Мохаммед Абдулсалам Twitter-де шабуылдың йемендіктерге қарсы «геноцид жасауды жалғастырып жатқан агрессорларға жауабы» деп жазды. Бұл ретте хуситтер алда жаңа барынша масштабты шабуылдардың болуы мүмкін екенін ескертті.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26