Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ – Сауд Арабиясының елшісі Қазақстанға дипломатиялық миссиясын аяқтады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшісі Дахир Мутиш әл-Эназиді, оның елімізде дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады. Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-сауд ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Нұр-Сұлтан мен Эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастар туралы айту барысында сұхбаттасушылар бүгін екі мемлекет басшыларының өзара түсіністік пен достыққа негізделген тиімді жұмысының арқасында түрлі салалардағы ынтымақтастықтың жоғары нәтижелеріне қол жеткізгенін атап өтті.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сауд дипломаты Қазақстанда қызмет еткен жылдарда екіжақты байланыстарды нығайту бойынша жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Хабарда атап өтілгендей, министр Сауд Арабиясына қазақстандық бастамаларды қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты негізде және халықаралық деңгейде тұрақты кездесулер мен консультациялар арқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетін білдірді.
Өз кезегінде, Д.М. әл-Энази Қазақстанда жұмыс істеуі оған құрмет болғанын білдіріп, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, елдің халықаралық аренада беделін нығайтуына және Қазақстен мен Сауд Арабиясы арасында тығыз және сенімді қарым-қатынастардың орнатуына зор үлесін атап өтті.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34