Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстандықтар үшін іскери виза беру тоқтатылған жоқ, деді Қазақстандағы Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Абдулазиз бен Абдулла Аль-Дауд.
«Сыртқы істер министрлігіне Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Абдулазиз бен Абдулла Әл-Дауд шақырылды. ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқашпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Елші Сауд Арабиясы билігінің бірқатар елдердің азаматтары үшін электрондық туристік визаларды беруді уақытша тоқтату жөніндегі таяудағы шешімі туралы мәселеге түсініктеме берді. (…) Аль-Дауд визаның іскерлік және басқа да түрлерін беру тоқтамағанын жеткізді», - деп хабарлады жұма күні ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
А. Әл-Дауд умра жасау үшін қажылық визаларды, сондай-ақ туристік визаларды беру бүкіл әлем бойынша коронавирус індетінің кең таралуына байланысты тоқтатылғанын растады. Бұл шара уақытша және Корольдікке келетін әлемнің барлық мұсылмандарын қорғауға бағытталған.
Аль-Даудтың айтуынша, азаматтарға кіру тоқтатылған мемлекеттердің тізімі әлемде коронавирустың таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты жаңартылып тұрады. Сонымен қатар, бұл тізімге Қазақстанмен қатар Орталық Азияның басқа да елдері енгізілгенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар коронавирустың таралуына байланысты өз елдеріндегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өзекті ақпаратпен алмасуға уағдаласты.
ҚахТАГ ХАА 27 ақпанда хабарлағандай, Сауд Арабиясы коронавирус салдарынан кіші қажылық (Умра) жасағысы келетіндердің кіруіне тыйым салды.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 82 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 2,8 мыңнан астам, 19 мыңнан астам адам жазылды.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08