Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Сауда соғыстары мен Еуразиялық экономикалық одаққа жаңа мүшелердің кіруі Қазақстан саудасы үшін қауіп төндіруі мүмкін, делінген сауда және интеграция министрлігі ұсынған Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасында.
«2018 жылдың наурызынан бастап АҚШ пен Қытай бір-бірінің импортына қатысты қолдампаздық шараларын белсенді түрде қолдана бастады. Олар импорттық кедендік салықты енгізді, оны бастаған АҚШ. АҚШ пен Қытай санкциясы әлемдік саудаға нұқсан келтіреді, соның ішінде көптеген тұрақты дамушы елдерге де. Әлбетте, Қытайдың, қазақстандық өнімді сатудың әлеуетті нарықтарының бірінің өсу қарқыны төмендейді, бұл соның ішінде Қазақстаннан жеткізілетін шикізат тауарларының тұтынылуын төмендетеді. Экспорттық жеткізілімдер көлемінің төмендеуімен қатар, импорттық тауарлар басқа елдерге, соның ішінде Қазақстанға да жеткізіледі деген қауіп бар», - делінген тұжырымдамада.
Қытай мен АҚШ-тан келетін импорттық тауарлар арасында металлургиялық өнеркәсіп, уран мен электр трансфарматорлар, тамақ өнеркәсібі барынша әлсіз болуы мүмкін, «олар бойынша Қазақстан отандық тауарларын нәтижелі дамытуда».
Сонымен қатар, ЕАЭО мен Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне орай Қазақстанда басқа мемлекеттермен саудада барынша қолайлы жағдай режимі орнатылған, «бірақ бұл ретте Қазақстанның ішкі нарығында халықтың жоғары сұранысы және өндіріс көлемінің төмендігімен сипатталатын тауарлар бойынша импорт үлесінің жоғары екені байқалады».
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34