Сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда көптеген базарлар мен СҮ жұмысы шектеулі болады

Күні: 13:21, 07-06-2019.

Астана. 7 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова/Согдияна Идрисова. Сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда көптеген базарлар мен сауда үйлерінің (СҮ) жұмысы шектеулі болады, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
«Сағат 12-ге дейін (Нұр-Сұлтан базарлары – ҚазТАГ) жұмыс жасамайды. Бірақ барлығы емес, бірақ «Артем» иә, шамамен 12.00-ге дейін жұмыс жасамайды, халық сайлауға барып дауыс беру үшін, күні бойы емес, сағат 9.00-12.00 дейін ғана бар болғаны үш сағат қана жұмыс жасамайды, кәсіпкерлер сайлауға барып дауыс беру үшін. Ол жерде де адамдар жұмыс жасайды ғой, міне солар барып дауыс беріп қайтқылары келеді, бұл бастаманы солар көтеріп отыр, өздері айтады: «Бізге дауыс беруге баруға уақыт береді», міне барлығы барғысы келеді», - деп мәлімдеді жұма күні ҚазТАГ ХАА тілшісіне Нұр-Сұлтан кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция бақармасынан.
Сонымен қатар белгілі болғандай, 9 маусым күні Алматыдағы кейбір базарлар да жұмыс жасамайды.
Атап айтсақ, жексенбі күні «Адем» сауда үйі толығымен күні-бойы жабық болады. Бұл туралы саудагерлерге СҮ әкімшілігі айтқан, алайда ҚазТАГ ХАА тілішісімен сұхбаттасқан «Адем» саудагері жабылу себебін оларға түсіндірмегенін айтты. Және сауда үйінің әкімшілігі СҮ жабылуы мен сайлау арасындағы тікелей байланыстың бар-жоғын нақтыламады.
«Бұл жексенбіде жұмыс жасамаймыз – санитарлық күн», - деп мәлімдеді «Адем» әкімшілігінен.
Ал, «Жасыл базар» жұмыс жасайды – бұл ақпаратты ҚазТАГ ХАА-ға базардың бас директоры Ерлан Қалиев растады.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде, ал оларды тіркеу 6 мамырда аяқталды. 11 мамырда елде үгіт кампаниясы басталды.
Қазақстандағы басты лауазымға жеті адам таласатын болады, соның ішінде Тоқаев та бар.


Жаңалықтармен бөлісу: