Әсел Жанасова ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Әсел Жанасова ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген жұмадағы хабарламада.

Жанасова 2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.

adimage