Астана. 22 қараша. ҚазТАГ - «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС директоры болып Серік Оразғалиев тағайындалды, деп хабарлады Facebook-тегі ҚР ИДМ ААК парақшасында..
«Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының шешімімен «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС директоры болып Оразғалиев Серік Мұратбекұлы тағайындалды», - делінген бейсенбіде жарияланған хабарда.
С. Оразғалиев 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2002-2018 жылдары «Өскемен әуежайы» АҚ директоры міндетін атқарған. 2016 жылы «Құрметті авиатор» медалімен марапатталған.
Семей халықаралық әуежайының жаңа директоры тағайындалды
