Семей әуежайы қайта жөндеуден кейін жұмысын бастады

Күні: 12:00, 06-09-2018.

Алматы. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Семей әуежайы қайта жөндеуден кейін жұмысын бастады, деп хабарлады 24.kz.
«Семей қаласындағы әуежай жөндеу жұмыстарынан соң қайтадан жұмыс істей бастады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Айта кетейік, әуежайдың күрделі жөндеу жұмыстарына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген болатын.
Сарапшылардың сөзінше, енді әуежай халықаралық азаматтық авиация талаптарына толықтай сай. Ені 45 метр, ұзындығы 2,5 км ұшып-қону алаңына толықтай монолитті бетон құйылды.
Еске салсақ, 8 ақпанда Д.Ахметов Семей әуежайының «түсініксіз алматылық компанияға" сатылғанын мәлімдеген болатын. Кейін мәселенің  «Auhal» ЖШС турасында екені белгілі болды, ал 17 ақпанда соттың аталмыш мәмілені жарамсыз деп тапқаны анықталды
Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін ұйымдастырылған аукционда бұзушылықтар болған.  
Ақырында ШҚО билігі әуежай құрылысын өз бақылауына алды.  


Жаңалықтармен бөлісу: