Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ – Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімі берілуі мүмкін, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығынан.
«ШҚО әкімі Даниал Ахметов халықпен есепті кздесуінде әуежайға танымал жерлестері, жазушы, драматург Мұхтар Әуезов есімі берілуін ұсынды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Өңір басшысы атап өткендей, Семей - еліміздің рухани-мәдени орталығының бірі.
«Абай, Шәкәрім және Мұхтар секілді ұлы тұлғалар осы қасиетті жерде дүниеге келген. Олардың әрқайсысының есімі біз үшін қымбат. Бүгінде Семейде Абай мен Шәкрім атындағы көше, Абай атындағы театр, Шәкәрім атындағы университет бар, «Абай-Арена» жаңа мәдени-спорттық кешен салынуда. Сондықтан, мен сенімдімін, бұл ұсыныс қала тұрғындарының қолдауына ие болады», - деді әкім.
Семейдегі әуежайдың ұшу-қону жолағы мен терминалының қайта құрылыс жұмыстарына Т10,6 млрд. бөлінді.
«Екі жылға созылған қайта жөндеу жұмыстары шағын әуежайды халықаралық кластағы бірінші әуежайға айналдырды. Ол өзінің ұшу-қону жолағында жолаушылар және жүк әуе көлігінің барлық түрін қабылдай алады. Соның ішінде Boeing-747 ұшағын да», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00