Семей зауытында қалпына келтірілген Т-34 танкі Астанада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысады

Күні: 14:00, 03-11-2014.

Семей. 3 қараша. ҚазТАГ – Семей зауытында қалпына келтірілген Т-34 танкі Астанада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысады, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігінің тілшісі.
«1944 жылы шығарылған атақты «отызтөртті» Семейдегі «Семей инжиниринг» кәсіпорынында қалпына келтіреді», - деді кәсіпорынның басқарушы директоры Николай Поспелов дүйсенбі күні.
Оның айтуынша, зауытқа әскери машинаны бірнеше ай бұрын жеткізіпті. Мамандар бригадасы танктің қозғалтқышы мен жылдамдықты алмастыратын қорапты жөндеп, ең күрделі процесстерді жасады. Танкті жөндеуді биылғы жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.  
«Бұл танк Астанадағы Ұлы Жеңіс құрметіне өтетін әскери парадта өзі жүріп өтуі тиісті. Жөндеу жұмыстарынан басқа, біздің жігіттер интернет арқылы осы танктің жүріп өткен майдан жолдарын анықтап көрмекші. Танктің корпусына салынған таңба бойынша оның 1944 жылы шығарылғаны белгілі болды», - деді Н. Поспелов.


Жаңалықтармен бөлісу: