Семейде 60-тан астам пойыз жұмысшысын бопсалады деп айыпталған «Блогер» ұсталды

  Семей.6 желтоқсан.ҚазТАГ- Семейде 60-тан астам пойыз жұмысшысын бопсалады деп айыпталған «Блогер» ұсталды, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің интернет- ресурсы.
"Көліктегі ІІБ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Семей қаласының тұрғыны ұсталды. Ол ар-намысына тиетін бейнематериалдарды таратамын деп қорқытып, Семей арқылы ішкі және халықаралық бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойызы қызметкерлерінен ақша бопсалаған", – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
  Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ол жолаушы атын жамылып, поезға мініп, жолда орын алған заңбұзушылықтарды ұялы телефонына жазып алған. Содан кейін оларды таратамын деген сылтаумен ақша бопсалаған.
  "Бұл қылмыс ұзақ уақыт бойы полицияның назарынан тыс қалды, өйткені жәбірленушілер ақпарат тарап кетеді деп, құқық қорғау органдарына хабарласудан қорықты. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына ақпарат түсе бастағаннан кейін ғана сотталушының заңсыз әрекеті тоқтатылды. Қаскөй ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", – деді ІІМ ТЖДБ өкілі Қуандық Алпыс.
   Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 60-тан астам жолаушылар пойызының жұмысшысы жәбірленуші ретінде танылды.
  "Алдын ала тергеу 2021 жылдан бері жүргізілген заңсыз әрекеттердің нәтижесінде ұсталған азаматтың банктік шоттарына 48 миллион теңгеден астам ақша аударылғанын анықтады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді", – делінген хабарламада.

adimage