Семейде әлеуметік нан бағасы Т50-ден көтерілмейді, деп мәлімдеді әкімдікте

Күні: 16:36, 31-10-2014.

Семей. 31 қазан. ҚазТАГ – Семейде әлеуметтік нан бағасы Т50-ден көтерілмейді, деп хабарлады қалалық ауыл шаруашылық бөлімінен.  

«Жыл басынан бері бізге тұрақты қордан 9500 тонна ұн әкелінді, оның 1 килограмын өндірушілер   53 теңгеден сатады. Олардан дайын нан өнімін 45-50 теңгеден сатып алуға болады  және әлеуметік нан бағасы да көтерілмейтін болады», - деді ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы  Әнуарбек Сүйшінов жұма күні.

Ол әлеуметтік нанды қаладағы дүкендерге 40 наубайхана мен «СемНан» ірі кәсіпорны жеткізетінін айтты.  

«Қыркүйекте бірнеше күн ішінде «СемНан» ЖШС пісіретін нан бағасы бірден көтеріліп кеткен еді. Бір бөлке нанның бағасы 70 теңгеге дейін жетті, оған кәспіорынның қымбат ұн сатып алуы себеп болған. Алайда жағдай 3 күн ішінде шешімін тапты. Әкімдік қабылдаған шаралар, келіссөздер бәрін өз орнына қойды, және 1 сұрыпты зауыт наны 50 теңгемен сатылуда», - деп толықтырды А.Сүйшінов.

Сонымен қатар ол өңірде сүт, көкөністер мен ет бағасының да тұрақты болып қалып отырғанын мәлімдеді.  


Жаңалықтармен бөлісу: