Семейде және Қазақстанның бес облыс орталығында көмір қымбаттады

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Семейде және Қазақстанның бес облыс орталығында көмір қымбаттады, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА.
«Көмірді бөлшектеп сату нарығында, ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ақпарынша, былтырғы жылыту кезеңімен салыстырғанда көмірге қатысты жағдай келесідей болған: көмір бағасының арзандағаны Шымкентте (- 13%), Ақтөбеде (- 12,9%), Көкшетауда (- 9,8%), Қарағандыда (-4,9%), Қызылордада (-7,1%), Талдықорғанда (-10,5%); баға өзгермеген облыстар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған, Тараз; қымбаттағаны: Семей ( +3,9%), Қостанай (+ 0,6%), Оралда (+ 5,7%), Павлодарда (+20%), Өскеменде (+0,8%), Петропавлда (+0,5%)», - деді мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген ұлттық экономика министрі Руслан Даленов.
Ол атап өткендей, Ақтау мен Атырауда газбен жылытылады.
«2019 жылдың қаңтар-қазанында көмір өндірісінің жалпы көлемі Т88,9 млн (коммуналдық-тұрмыстық көмір Т9,2 млн). Көмір Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне тиеледі. Бұл ретте тапшылық сезілмейді, келісім шарттар бойынша міндеттемелер орындалады», - деп мәлімдеді Даленов.
Еске салсақ, 16 қазанда мәжіліс депутаттары ҰЭМ басшысына сауал қоя отырып, Қазақстанның әлемдегі көмір өндіруші ірі елдердің ондығына кіретінін, алайда коммуналдық-тұрмыстық өндірушілер үлесіне тек өндірістің 15% ғана тиесілі екенін атап өткен болатын. Парламентарийлердің айтуынша, елде көмір тапшылығы жоқ, алайда көмір бағасы мемлекетпен реттелмейді, «оның біздің ел азаматтарына әділ нарық бағасымен сатылуына барлық алғышарттар бар». Алайда, депутаттардың пікірінше, «делдал буындардың болуы себепті нарықтық баға белгілеу механизмдері, жұмсағырақ айтқанда, нашар жұмыс жасауда».

adimage