Семейдегі ескі дюкердің жарылуы халықаралаық сипаттағы залал болуы мүмкін

Күні: 18:26, 08-11-2018.

Өскемен. 8 қараша.  ҚазТАГ - Семейдегі трансшекаралық Ертіс өзенінің түбіндегі ескі, апаттық жағдайдағы дюкердің жарылуы халықаралық сипаттағы залал болуы мүмкін, деп мәлімдеді қаланың ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің коммуналдық шаруашылық және абаттандыру саласының басшысы   Асан Дүйсембаев.
«Біз дюкерге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап келе жатқанымызға 16 жыл болды, бірақ ақша бөлінбей келеді. Дюкердің жарылуы – бұл халықаралық апат, себебі ағынды сулар Ертіс пен Обаның төменгі жағымен ағатын болады, төменгі ағыста тұратын халық таза судан айырылады», - деп түсіндірді  А.Дүйсембаев.
Оның айтуынша, дюкерді су астынан тексеру жұмыстары 1996 жылы жүргізілді, сол кездің өзінде дюкерге жөндеу жұмыстары керек болатын.  
«Дюкерді қайта құру жұмыстарының құны сол кезде Т548 млн. астам болды. Қаржы бөлінбеді. Кейін 2010-2013 жылдарға «Қазақстан экологиясы» мембағдарламасы аясында дюкердің жөндеу жұмыстарын 2013 жылға кіргізді, ол кезде жөндеу жұмыстарының сомасы Т443 млн құрады. Сосын дюкерді 2012 жылы қайта тексерді, қажет сома көлемі  Т1 млрд 108 млн. дейін өсті, 2015 жылы -   Т1 млрд 294 млн. дейін тағы өсті», - деді А.Дүйсембаев.
Кезекті рет осы мәселе бойынша бюджеттік өтінім 2017 жылы ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасына жолданды, конкурс жарияланды және тіпті келесі мердігерлермен жұмыс жүргізуге шарт жасалды: «ПромСтройАвтоматика» ӨК,   Т1 млрд 89 млн. сомаға шарт жасалды.   Т2 млн 200 мыңнан астам соманы «СемейПроект» ӨК авторлық қадағалауы үшін алады. Сонымен қатар жұмыстардың жүргізілуіне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын мекеме де анықталды -   «ИртышСтройПроект» ЖШС;    Т14 млн 400 мың сомаға. Бірақ бюджеттен қаржы тағы да бөлінбеді.  
«Біздің мамандар қайтадан қайта жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға ақша бөлуге өтінім дайындап, жолдады. 2019 жылы ақша бөлінер деп үміттенеміз», - деді  А. Дүйсембаев.


Жаңалықтармен бөлісу: