Семейдегі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алған деген күдікке ілінді

Күні: 12:33, 31-10-2019.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ - Семейдегі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алған деген күдікке ілінді, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен.
«Шығыс Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Семей қ. сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол жер құрылысы жобасына қол қойғаны үшін азаматтан Т200 көлемінде пара алған деп күдіктелуде», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ведомствода атап өткендей, шенеуніктің кінәсін мойындауына байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: