Алматы. 15 наурыз. ҚазТАГ – 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы Қазақстандық шпагашы Дмитрий Алексанин әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді деп хабарлайды Olympic.kz.
Соңғы жаңартуға сәйкес спортшы бір жолға жоғары көтірелді. Бұған дейін ол төртінші орында болған еді.
«Әзірге маусым мен үшін орта деңгейде өтіп жатыр. Әлемдік рейтингте жоғарылағаным үшін қуаныштымын. Өйткені, рейтинг арқылы Олимпиада жолдамасына таратылады. Қазірдің өзінде турнирлердің іріктеу кезеңінен босатылдым. Жарысты негізгі құраммен бірге бастаймын. Оның үстіне, Олимпиадаға рейтинг арқылы ғана жолдама алуға болады. Алда әлем кубогінің бірнеше кезеңі, үш Гран-при турнирі мен Азия және әлем чемпионаты өткізіледі. Аталған сындарда қарқынымды жоғалтпай, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алуға тырысамын»,- деді Алексанин.
Еске салсақ, былтырғы Азиадада еліміздің жетекші шпагашысы алтын медаль иемденді.
Семсерлесуден Азиада-2018 чемпионы әлемдік рейтингте үшінші жолға көтерілді
