Сенатор Ғани Қасымов: ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТКЕ ЖАЛТАҢДАМАЙ-АҚ, ӨЗ ЖАРҒЫСЫМЕН ӨМІР СҮРЕДІ

 

Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020-шы жылдың аяғына дейін ұзарту жөнінде республикалық референдум өткізу тақырыбын тек қана Қазақстанда аған емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де талқылауда. Одан бүкіл дүниежүзіне демократияның арашашысы ретінде танымал алып держава да тыс қалмады. Америка Құрама Штаттары аталған бастаманы сынай отырып, референдум енді ғана демократияға бет бұрған еліміз үшін халықаралық үлкен салдар тудыруы мүмкін деп ескерткендей болды.  

Оған Қазақстан не деп жауап бере алады? ҚазТАГ агенттігі парламент сенатының депутаты, палатаның халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Ғани Қасымовтан түсініктеме сұраған еді.

 

- Депутаттар, кейін парламенттің барлығы қолдаған референдум өткізу туралы ұсыныс айтқанға дейін, сіз референдум емес, президенттік сайлау өткізу қажеттігі туралы айтқан едіңіз. Қазір сіз өз пікіріңізді өзгерткен жоқсыз ба?

 

- Мен пікірімді өзгерткен жоқпын.Мен мұны (референдум өткізуді – ҚазТАГ) Конституцияға сай келеді деймін. Бәрін заң бойынша істеу керек. Егер Конституция осындай тетіктерді қарастырған болса, егер біз оны сауатты, дұрыс іске асыра алатын болсақ, онда бұзушылық жоқ. Және аталған жағдайда мәселе былай қойылуы тиіс: «Сайлау туралы» конституциялық заң немесе Конституцияның өзі  бұзыла ма? Мен:  жоқ, бұзылмайды, деп жауап берген болар едім.

Референдум да сайлау институты ретінде қарастырылады. Себебі - халық дауыс береді. Сол себепті сіз, мен, барлығымыз дауыс беруге барамыз.

 

- Ал президент неліктен парламентарийлердің ұсынысын қабыл алмады деп есептейсіз? Ол осы бастамаға деген халықаралық реакцияға байланысты ма?

 

- Бұл сауалды маған қоймаңыз. Қабыл алмаған кім болса, соған қойыңыз. Мен, біз біреуге жалтаңдамауымыз керек деп есептеймін, және ешқашан олай істемейтін шығармыз. Біз қазір өте қуатты, креативті, жасампаз мемлекетпіз. Сондықтан кез келген мемлекеттік департамент бізге қарауы тиіс, біз оларға емес. Бәлкім бір кездері керісінше болған шығар. Ал қазір біз өз жарғымызбен, өз заңдарымызбен өмір сүреміз.  

 

- Жаңа жылдан соң Қазақстандағы АҚШ елшілігі өз мемлекетінің мәлімдемесін таратты. Онда референдум өткізу – демократиядан кері кетушілік деп айтылған. Сіздіңше, біз шынымен кері бір адым жасаймыз ба?

 

- Олардың өздерінде барлық деңгейлерде – федералдық, штаттық, муниципалдық – рефрендумдар өткізіледі. Біз оған өз пікірімізді білдіріп жатқан жоқпыз ғой. Біз оны олардың ішкі істері деп есептейміз. Оларда жыл сайын жүздеген референдум өткізіліп тұрады. Біреудегі түймедейді көргенше, өзіндегі түйедейді көрмей ме?   

 

- Бірақ олар президенттің өкілеттіктерін ұзарту туралы референдум өткізіп жатқан жоқ қой...

 

- Оларда болмасын, ал біздерде бар. Онда тұрған не бар екен? Барлық айырмашылығы осы. Оларда бізде жоқ көптеген мәселелер бар. Содан келіп, олар бізге қарап сап түзеуі керек па?

Әркім өз жарғысымен өмір сүруде. Бізде айырмашылықтар бар. Бұл ретте біз бір-бірімізге қызықпыз.

 

- Ал сіз, АҚШ осылайша біздің саясатқа араласқысы келеді деп есептейсіз ба?

 

- Әр мемлекет өз көзқарасын ұстануға құқығы бар. Сондықтан, бұл дегеніңіз, біз олардың дегенімен жүреді дегенді аңғартпайды. Ал көзқарасқа келетін болсақ –әркімде ол өзінікі болсын. Және демократияны немесе демкоратиялық үрдістерді қабылау деңгейі әр елде әр түрлі.  

Мен, бәріне де жағатын, біз ЕҚЫҰ саммитінде қорытынды құжатта паш еткен ымыралас шешімді таба алу, ол - барлық мемлекеттердің өз еркін танытудағы демократиялық принцип дер едім. Әр түрлі пікірмен, кейде тіпті бір-біріне деген қарама-қарсы пікірмен келіп, соңында бір, ортақ шешімге келу – қалыпты жағдай болды дер едім. АҚШ мемлекеттік департаменті болса ше? (мәлімдеме жасаған – ҚазТАГ) Енді біз АҚШ мемлекеттік департаментінің нұсқауымен өмір сүруіміз керек па екен? Ол дегеніңіз сұмдық қой! Айталық, олардың пікірі бізге сай келмейді.


adimage