Сенатор Қазақстандағы министрлер мен әкімдердің күзетінің күштілігіне ашуланды

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан парламенті сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов министрлер мен әкімдердің күзетінің мықтылығына ашуланды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
  
«Мемлекеттік қызметкерлер халық игілігі үшін жұмыс жасайды. Бірақ қазір, ауылдық округ әкімдерінен басқа, министрлерге де, облыс әкімдеріне де кіру мүмкін емес.  Оларды полиция мен басқа да  күзет күзетіп отыр.  Денсаулық сақтау мекемелерінде де сондай жағдай. Біз түсінеміз, бұл режимді  нысандар, оларды күзету керек.   Дегенмен, министрлік үйлерінде, әр подъезде полиция тұр. Егер одан ары көтеріле берсек, министрлер кабинеттері, олар бөлек қоршалған және оларды да полиция күзетіп тұр.   Оларды кімнен қоршайды, кім оларға қауіп төндіріп тұрған, бұған бюджеттен қанша қаржы бөлініп отыр?  Полицейлердің жетіспеушілігінен олар тіпті жеке күзет кәсіпорындарын ұстап отыр», - деді С.Еңсегенов бейсенбіде сенатта мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша заң жобасын талқылау барысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  басшысына.  

Өз кезегінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  төрағасы  Қайрат Қожамжаров оның қажетті шаралар екенін атап өтті.  

«Бұл қажет!  Бүгінде біздің елімізде,  еліміздің айналасында тәртіпсіздіктер, жағымсыз жағдайлар болып жатыр, терроризм қаупі де бар.  Сондықтан 2009-2011 жылдары осындай шаралар қабылданды, және ол тек министрлерге қатысты емес», - деді Қ. Қожамжаров.

adimage