Сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен өмірден өтті

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен өмірден өтті, деп хабарлады парламенттің жоғары палатасының баспасөз қызметінен.
«Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген жұмадағы хабарда.
Кәрімова сенатқа қаңтардағы соңғы сайлауда сайланған болатын, оған дейін 2021 жылдың қыркүйегінен бастап білім және ғылым министрілігінің мектепке дйенігі жэәне орт білім комитетінің төрайымы, оның алдында 2017 жылдың шілдесінен бастап Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы болған еді.

adimage