Сенатор шетелдік азаматтардың Қазақстанда сепаратистік идеяларды таратып жүруіне алаңдаулы

Күні: 12:14, 30-10-2014.

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. ҚР парламент сенатының депутаты Икрам Адырбеков шетелдік азаматтардың Қазақстанда сепаратистік идеяларды таратып жүруіне алаңдаушылық танытты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2012 жылы 7 маусымда келісімге қол қойылды. (ҚР мен РФ арасында ҚР азаматтарының РФ аумағында және РФ азаматтарының ҚР аумағында болу тәртібі туралы – ҚазТАГ). Қазір біздегі жағдай басқаша, өте күрделі. Қазір қалыптасқан жағдайға байланысты, маусым айында осы заң жобасы қарастырылып жатқанда Қылмыстық кодекске қосымша 180-ші бап енгізілген, ол сепаратистердің әрекетіне тойтарыс беру, оларды жауапкершілікке тарту туралы», - деді И. Адырбеков бейсенбі күні парламент сенатының алқа отырысында.
«Осыған байланысты, сіз қазір білсеңіз, Оңтүстік Қазақстан облысына басқа елдің азаматтары көптеп келуде. Бізде сепаратистік сипаттағы материалдар таратылуда, ал осы заң жобасы азаматтарға 30 күн тіркеусіз елде жүріп-тұруына рұқсат береді. Бұл жағдай біздің елдің қауіпсіздігіне қатысты және сепаратистік материалдар таратып жүрген ондай адамдарды депортациялауда қандай да қиындықтарға әкелмей ме?», - деп сұрады сенатор ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтан.  
Өз кезегінде министр биылғы 9 айда әкімшілік жазаға қанша азамат тартылғаны туралы статистикалық мәліметтер келтірді.
«9 айда Қазақстанға 3 млн 435 ресейлік азамат келді және былтыр да 3 млн-дай азамат келген және 74%-ы тіркелмейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазір Ресей азаматтары 30 күн ғана болады. Қазір бізде әкімшілік жазаға тартылатын азаматтар саны 2%-ға азайды, және біз оларға тіркелусіз 30 күн елде болуға рұқсат береміз», - деді Қ. Қасымов.
«Сөйтіп біз реттеп отырмыз, қадағалап отырмыз – 9,5 айда (2014 жылғы ҚазТАГ) – 288 адам жауапқа тартылды, 581 адам былтыр жауапқа тартылған. Әрине, біз қадағалап отырмыз, жақында Беларусьпен осындай келісім мәжіліске келіп түсті және қазір қарап жатырмыз. Басқа елдің Қазақстан аумағына келген азаматтары 5 күн ішінде тіркелуі тиісті», - деп қорытындылады министр, сауалға тура жауап беруден жалтарып.


Жаңалықтармен бөлісу: