Сенаторлар Қазақстан үкіметіне оқушыларға арнайы көмек қызметін құруды ұсынуда

Күні: 17:26, 31-01-2019.

Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Кәмелетке толмағандар арасындағы жиілеп кеткен құқықбұзушылыққа алаңдаушылық тудырған Қазақстан парламенті сенатының депутаттар тобы үкіметке мектеп оқушыларына арнайы көмек көрсету қызметін құру мүмкіндігін қарастыру сауалымен жүгінді.
«Жасөспірімдер қылмысы проблемасының шешілмеуі және оның алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігіне Түркістандағы жасөспірімдер тобының төменгі класс оқушыларын қорлауы көрсетілген бейнероликтің әлеуметтік желіде тарауы, сондай-ақ Ақтөбе мен Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы топ болу төбелесу деректері куә болып отыр», - деді сенатор Георгий Ким бейсенбідегі алқа отырысында.
Оның ақпарынша, 2018 жылы қылмыстық жауапқа 3156 кәмелетке толмаған бала тартылған, бұл ретте ауыр және аса ауыр қылмысы үшін сотталғандар 9,1%. 2016-2018 жылдар аралығында Қылмыстық кодекстің 140 бабы бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық жауапқа 39 адам тартылды.
«Сіздерден өтінеріміз… Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін оқушыларға арнайы көмек көрсету қызметін ұйымдастыру тәсілі мен заманауи формаларын енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдары медиаторлардың, кеңес беру қызметі мен ата-аналардың қатысуымен бітімгершілікке келудің мектептегі қызметін құру керек», - деді парламент сенаты депутаттар тобының премьер-министрдің атына жазған сауалын оқыған Г. Ким.
Ол сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы бойынша қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдардың өзара пәрменді үйлестірілуін қамтамасыз етуге шақырды.
«Заманауи жағдайда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс құрылым мен сипатын өзгертуде. Рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтардың өзгеруі, теле-, экран және ғаламтордағы зорлық-зомбылық қазіргі заманғы қылмысқа өз үлесін қосуда, әсіресе жасөспірімдер мен жастарға ықпал ете отырып. Жасөспірімдер қылмысына қоғам дамуындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тәрбиеге ата-аналардың жеткілікті араласпауы әсер етуде», - деді Г. Ким.


Жаңалықтармен бөлісу: