Сенаторлар ҚР медқызметкерлеріне жүктемелер мен зиянды еңбек жағдайына байланысты қосымша ақы төлеуді ұсынуда

Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Сенатортар Қазақстан медқызметкерлеріне жүктемелер мен зиянды еңбек жағдайына байланысты қосымша ақы төлеуді ұсынуда, деп хабарлады ҚР парламенті сенатының баспасөз қызметінен.
«Аймақтарға барған кезде жергілікті тұрғындар үш ауылда бір-бірден амбулатория бар екенін, емделу үшін 400 шақырымға бармау үшін бір аурухана салып беруді сұрайды. Дегенмен, біздегі стандарттар бойынша 4-5 мың халқы бар елді мекенде ғана аурухана болуы мүмкін. Сонымен қатар, Президент дәрігерлік қызметтердің қолжетімді болуы туралы міндет қойды. Әрине, салалық мамандар қажет болған жағдайда облыс орталығына апару қажет. Ал негізгі медициналық қызметтер қадам басар жерде болуы тиіс», - деді әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында Сенаттың вице-спикері Нұрлан Әбдіров.
Хабарда нақтыланғандай, сенаторлар денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Оның ішінде ауруханалардың апаттық жағдайы, медициналық пункттердің жетіспеушілігі және дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кідірістер туралы да айтылды.
Сенатор Ақмарал Әлназарова алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің тарифтеріне назар аударды, олар ұйымдардың нақты шығындарын жабуға мүмкіндік бермейді, ал жеке секторды қызықтырып отырған жоқ. Сенаторлардың қорытындысы бойынша МСАК денсаулық сақтау саласының басқа бағыттарымен салыстырғанда толық қаржыландырылмай келеді.
Сонымен қатар, депутаттар денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудағы өзекті мәселелерді де айтты.
«Бүгінгі күнге дейін цифрландырудың бірыңғай платформасы жоқ, яғни медицина қызметкері науқас адам туралы бірдей деректерді әртүрлі бағдарламаларға бірнеше рет енгізуге мәжбүр. Бұл күйбеңі көп жұмыс дәрігерге өз бетінше білім алуға көбірек уақыт бөлуге немесе сол науқасқа уақыт бөлуге мүмкіндік бермейді», - деп мәлімдеді Әлназарова.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар дәрігерлердің мәртебесін одан әрі арттыру мақсатында "Медицина қызметкерінің мәртебесі туралы" ҚР заң жобасын әзірлеу қажеттігін қарастыруды, психоэмоционалдық жүктемелер мен зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша ақының мөлшерін қайта қарау, өмірлік маңызы бар дәрілік препараттарды сатып алуға арналған көпжылғы шарттардың қолданылуын өзгертуді ұсынды.

adimage