Сенбі күні Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды. 3 шілде. ҚазТАГ – Сенбі күні Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«4 шілдеде Қарағанды облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: найзағай күтіледі. Жезқазған қ.: найзағай күтіледі», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дауылдың ықтималдығы 80-85%.

adimage