Сенбі күні Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Көкшетау қ.: 22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Алматы облысында сенбі күні түнде және ертеңгісін оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.
«23-25 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, 23 қазанда көктайғақ күтіледі. 24-25 қазанда батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 24 қазанда екпіні 25 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
23 қазанда Қарағанды облысының түнде батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 23 қазанда таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 23 қазанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
«Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.


adimage