Сенбі күні Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:42, 22-01-2021.

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23-24 қаңтарда түнде Ақмола облысында -30-35 дейін ауа температурасының төмендеуі күтіледі, кей жерлерде -38. Көкшетауда түнде 23-24 қаңтарда -32-34 дейін ауа температурасы төмендейді», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде
23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
«23 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік желіне ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарда.
23 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 23 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын, күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«Түнде 23-24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 аязға дейін төмендеуі күтіледі, түнде 24 қаңтарда кей жерлерде 40 градус қатты аязға дейін күтіледі. Петропавл қ: түнде 23 қаңтарда ауа температурасы 32-34 аязға дейін төмендеуі күтіледі, түнде 24 қаңтарда 37-39 градус қатты аяз күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
23 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: