Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, күндіз кей жерлерде қатты (көбінесе қар) жауады. Қей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ауа температурасының күндіз 3 градус жылы-2 градус аязға дейін жоғарылауы күтіледі», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
«2 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%», - деді «Қазгидрометте».
Ақтөбе облысының күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15 м/с күтіледі. Ақтөбе қ: күндіз көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«2 наурызда күннің екінші жартысында Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 2 наурызда күндіз найзағай, оңтүстіктік–батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 2 наурызда жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 17 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«2 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді синоптиктер.
Сенбі күні Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды
