Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктер өтеді, жаңбыр сақталады. Кей жерлерде тұман, жел тұрады, күн күркірейді, дауыл, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде 0+2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Екпіні 2-7м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде +3+5.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +8+10.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с, шаңды дауыл тұрады. Күндіз +21+26, түнде +5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, ккей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +2+7.
Атырау облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Күндіз +23+28, түнде +12+17.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, түндежаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +5+10.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +1+6.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +24+29, түнде +5+10
Маңғыстау облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +13+18.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +7+12.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде -2+3.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде -3+2.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашынды, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +16+21, түнде -2+3.
Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, таулы аудандарында қалың қар жауады. Күндіз +9+14, түнде 0+5.
Павлодар облысында ауа температурасы күндіз +15+20, түнде -3+2.
«Алдағы тәулікте республиканың таулы аудандарында су деңгейінің құбылуы байқалады. Павлодар облысы маңындағы Ертіс өзенінде су көлемінің аздап артуы жалғасады. Сергевский су қоймасының төменгі жағындағы Есіл өзенінде су деңгейінің жоғары белгісі сақталады. Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде Көктөбе –Тасбөгет СҚ бөлігінде су көлемінің ары қарай көтерілуі күтіледі, сонымен қатар Шардара су қоймаларынан судың келуіне орай су көлемінің артуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады, көбіне төмендейді»,- деп ескертті синоптиктер.

adimage