Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Күні: 09:24, 29-12-2018.

Астана. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, соған байланысты жауын-шашын болады, тек республиканың шығысында ғана жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада бұлтты, күндіз кейде қар жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -4-6.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы +1+3, түнде -5-7.
Шымкентте күндіз қар аралас жаңбыр жауады, түнде бұлтты күндіз жауын-шашынсыз, 2-9 метр/секунд жел тұруы мүмкін. Күндіз +10+12, түнде +3+5.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, кей жерлерде15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -9-14.
Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Күндіз -5-10, түнде -7-12.
Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -11-16.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, тұман, көктайғақ, 15-25 м/с жел тұрады, кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз -4-9, түнде -12-17.
Павлодар облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -7-12, түнде -15-20.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман. Күндіз -15-20, түнде -28-33.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -1-6.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -3+2, түнде 0-5.
Батыс Қазастан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз -5-10, түнде -7-12.
Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады, тұман. Күндіз және түнде -5-10.
Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, арты аздаған қарға ұласады, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде +2+7.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10 (солтүстігінде -8), түнде -2-7.
Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында 15-28 м/с жел тұрады. Күндіз -4-9, түнде -5-10 (солтүстігінде -23-28).
Атырау облысында кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -4-9, түнде -6-11.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік шығысындағы өзендерде, сондай-ақ Қызылорда облысының шетіндегі Сырдария өзенінде ауа райының жылынуына байланысты мұз қату әлсірейді деп күтілуде, сең қалыптасып, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: